Студенттер Елбасыға арнап кітапкөрмесін ұйымдастырды

Оңтүстікте Тұңғыш Президент күні тойланды. Тұрғындармен қатар жоғарғы және арнаулы оқу орнының студенттері де айтулы датаны айрықша атап өтті.

«Мирас» колледжінің студенті Дмитрий Юрьев Елбасының көшбасшылық жолын шығармасына арқау етті. Жас жігіт замандастарының алдында  мемлекет басшысына деген құрметіне айтып қана қойған жоқ. Отанына деген сүйіспеншілігін де білдірді.

Дмитрий Юрьев, «Мирас» колледжінің студенті: «Нұрсұлтан Әбішұлы –мен үшін көшбасшы ғана емес, елдің тірегі, біздің үлгі тұтар Елбасымыз. Менің оқыған өлеңімде оның елге сіңірген еңбегі айтылды. Президент болып, елді басқару үшін талай соқпақ жолды бастан өткерді ғой. Астананың іргесін қалады. Мен қазір қаржыгер мамандығын оқып жүрмін, болашақта банк саласында қызмет етемін. Қазақстандық ретінде еліме үлесімді қоссам деймін.»

Ұстаздар Н.Назарбаевтың өмірі турасында баяндамалар оқыды
Ұстаздар қауымы Н.Назарбаевтың өмірі турасында баяндамалар оқыды

Тұңғыш Президент күнінде студенттер ән айтып, мерекенің мерейін асырды. Олар концерттік бағдарламаға 2 ай бойы дайындалған.

Марат Қадырбаев, «Мирас» колледжінің студенті: «Керемет әсер алып отырмын. Елбасы күнін ойдағыдай атап өту үшін баршамыз дайындалдық, біріміз Нұрсұлтан Әбішұлының кітап көрмесін жасадық, енді біріміз оның шығармаларын жаттадық.»

1991 жылдың 1-желтоқсанында тұңғыш рет Қазақстан Президентінің жалпы халықтық сайлауы өтті. Сайлауда Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев басым дауыспен жеңіске жетті. Сол сәттен бастап Елбасы халқымызға тиесілі ен далаға қамқор болып, елдегі саяси-экономикалық жағдайды жақсартты. Бүгінде мемлекет төрткүл дүние көз тіккен «Барыс – Қазақстанға» айналып келеді.

Тоғыз жылдық тарихы бар «Мирас» колледжінің ұстаздары да студенттері үшін арнайы баяндама әзірлеген. Себебі ұжым елдің ертеңін елестетер жас толқын Н.Әбішұлының бастамалары мен жетістік жолдарын қайталағанын қалайды.

Студенттер Елбасыға арнап кітапкөрмесін ұйымдастырды
Студенттер Елбасыға арнап кітап көрмесін ұйымдастырды

716
Магомед Хайрудинов, «Мирас» колледжінің директоры: «Біздің Елбасы қиын-қыстау заманға мойымай, елді аяқтан тұрғызды. Бүгін трихқа шолу жасадық, студенттер тәуілсіздіктің қалай жеткенін білуі тиіс. Бүгінде «Мирас» колледжі жастардың сапалы білім алып, олардың білікті маман болуына бар жағдай жасады. Тіпті оқу орнында мүмкіндігі шектеулі жастар үшін де топтар ашылған. Олардың қоғамнан тыс қалмай, білім алуын қадағалаймыз.»

Айта кетейік, «Мирас» колледжінде бүгінде аудармашы, қаржыгер, банк ісі сынды 10 мамандық бойынша білім беріледі. Оқу орнының 1500-ға жуық студенті бар.