Шымкентте облыстық мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің ұйымдастыруымен конференция өтті. Онда қоғам дертіне айналған жемқорлық әрекеттермен күресу жүктелген жаңа мекеменің қызметі таныстырылды.

взяткаЖауаптылар заңды белден басып, жемқорлыққа жол беретіндердермен жаңаша жүйе бойынша күресеміз деп бекініп отыр.

Сыбайлас жемқорлыққа жол бергендердің арасында жергілікті атқарушы орган қызметкерлерінің қарасы көп. Қызметін асыра пайдаланып, екі асап қалуды көздегендердің қатарында білдей ауыл әкімі, 5 бірдей мектеп директоры, қос бірдей бас дәрігер бар.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні ұйымдастырылған іс шарада жаңадан құрылған департаменттің жұмыс жоспары талқыланды. Жауаптылар коррупцияны күре тамырымен жою үшін алдымен жастарды тәрбиелеу қажет дейді.

Жемқорлыққа тұсау салатын шаралар көбейсе де пысықайлардың қулығы да құрық байлатпай барады. Жыл басынан бері облыста 250-ден аса жемқорлық әрекеті тіркелген. Осылайша бұл санаттағы қылмыстар өткен жылмен салыстырғанда 27 пайызға артып отыр.