Оңтүстікте алғаш рет бауыр ауыстыру отасы жасалды

769

Өңірімізде алғаш рет бауыр ауыстыру отасы жасалды. Бұл туралы бүгін БАҚ өкілдерімен кездескен облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жұмағали Исмаилов мәлімдеді.

002

Шымкент қалалық жедел жәрдем медициналық көмек көрсету ауруханасында жасалған күрделі отаны жергілікті дәрігерлер мен белорусь мамандары бірлесіп өткізіпті. 16 сағатқа созылған отаға 5 шетелдік, 7 жергілікті маман жұмылдырылып, бауыр іруі дертіне шалдыққан науқасты өлім аузынан арашалап, алып қалған.