Өңірде мемлекет тарапынан балық шаруашылығын дамыту қолға алынбақ. Бүгін дәл осы мәселесі бойынша сала мамандары мен билік өкілдері облыс әкімшілігінде бас қосты. Жиында балық шаруашылығын дамытудағы басты кедергілер талқыланды.
Сондай-ақ, мемлекет тарапынан қолдау беретін жаңа бағдарламаның таныстырылымы өтті. Айта кету керек, Кеңес үкіметінде кезінде елімізде 18 балық шаруашылығы өндірісі болса, қазіргі таңда олардың тек екеуі ғана қалған. Егер мемлекет тарапынан төмен пайызбен несие берілетін болса, балық шаруашылығы аяқтан тік тұрып кетуі мүмкін. Ал ол бағдарлама тек 2016 жылы ғана жүзеге асады.