Оңтүстіктің әкімі — бірінші орында

270

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі желтоқсандағы рейтингте 1-орынды иемденді. Жылдың соңғы айында қай әкім қандай жетістіктерге жеткенін «Саясат-Monitoring» тобы анықтаған. Ол үшін желтоқсанның 25-нен 28-іне дейін арнайы сауалнама жүргізілді.

000

Сауалнамаға 27 саясаттанушы, қоғам қайраткерлері, блогерлер, политтехнологтар мен журналистер қатысты. Соның қорытындысы негізінде сарапшылар рейтингтің төрін ОҚО әкімі Асқар Мырзахметовке берді. Оның жетістігіне респонденттер мемлекеттік сыйлық алғаны мен Елбасының Оңтүстікке бір жылда екі рет іс-сапармен келгенің қосты.