Оңтүстіктің әкімі жомарттық жасады

420

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі мемлекеттік сыйлық үшін берілетін қаржыны балалар үйіне аудармақ.

000Шымкент қаласындағы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған тарихи-монументалдық саябақ кешені еңбегі үшін Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты атанған авторлар ұжымының (А.Мырзахметов, Б.Әшірбаев, Н.Рустамов, Ә.Шүменов, Н.Бөкебаев) мүшесі, Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Асқар Мырзахметов сыйлық үшін берілетін 2 миллион теңгені балалар үйіне аударуды жөн деп тапқан.

Бұл туралы өңір басшысы «Түркістан» сарайында өткен «Тұғырлы бол, Тәуелсіздік!» салтанатты шарасынан кейін БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында айтты. «Мемлекеттік сыйлықтың иегерлеріне қаржылай сыйлық берілетіні белгілі. Сыйлық алған біздің ұжымның әрбір мүшесіне 2 миллион теңгеден беріліп отыр. Мен өз үлесімді балалар үйіне аударамын» деді А.Мырзахметов.

Дереккөз: ОҚО әкімдігі аппаратының баспасөз қызметі