Облысқа қарасты аудан, қалалардың бас жоспары кезең-кезеңімен бекітілуде. Сол бас жоспар негізінде Шымкентте «Қаратау» ауданы құрылған. Енді оны көріктендіру жұмыстары жүріп жатыр. Облыс әкімдігінде өткен брифингте облыстық сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Бақытжан Әшірбаев жылдың басынан атқарылған жұмыстарын саралады. Сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен алдағы уақытта атқарар жоспарларымен бөлісті.
Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, облыстың сәулеттік келбетін арттыру мақсатында басқарма тарапынан жоспарлы жұмыс жүргізілген дейді бас сәулетші. Нәтижесінде облыстың іскерлік-әкімшілік ғимаратының, жаңа алаң мен гүлзарлардың, Түркістан салтанат сарайының хас беті, әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығының, тарихи өлкетану мұражайының, жаңа облыстық драма театрларының эскиздері әзірленіп, пайдалануға тапсырылды. Бас сәулетшінің мәлімдеуінше, бұл нысандарға Елбасы жоғары баға беріпті.
[youtube]http://youtu.be/axjY0l4GDY8[/youtube]
Бадам өзенінің 6,2 шақырымын аббаттандыру үшін жобалық-сметалық құжат әзірленіп, мемлекеттік сараптама қорытындысы алынған. Құрылыс құны — 4,8 млрд. теңге. Көп жылдан бері айтылып келе жатқан Қонаев даңғылын ескі қалашық арқылы созу жұмыстары да қолға алынбақ.
[youtube]http://youtu.be/s4kdeVHq0qw[/youtube]
Сонымен бірге Жанкелдин көшесін Бадам өзені арқылы Ташкент тасжолына дейін тарту да қарастырылуда. Сондай-ақ, Бозарық елдімекенінен кейінгі аумақта жаңа теміржолы вокзалын салу жоспарлануда. Бұған қоса үшінші мегаполис атанғалы отырған Шымкент қаласы аумағында жаңа әуежай салынбақ.