Он жасар қыз уланып қалды

299

Шымкентте 10 жасар жеткіншек қыз газдан уланып, көз жұмды. Ал оның 14 жасар әпкесі аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр.

001Облыстық төтенше жағдай департаменті мамандарының хабарлауынша, қайғылы оқиға Тельман бөлімшесіндегі Молдағұлова көшесіндегі жеке үйде орын алған. Әпкелі-сіңлілі қыз балалар табиғи газбен жылытылатын моншада жуынған.

Газдың иісі колонкадан шыққан деген тұжырым жасалуда. Жеткіншектердің ата-анасы басқа бөлмелерде болған. Жыл басынан бері облыста иіс газынан уланудың 100-ге жуық дерегі тіркелген. 40 оқиға қайғылы аяқталған.