Үкімет жылына 2 рет жарты жылдықтардың қорытындылары бойынша телекөпір түрінде ҮИИД мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде атқарылған жұмыстарға есеп береді. Биыл индустриялық саясаттың алғашқы бесжылдығы аяқталады. Сондықтан бүгінгі телекөпір тек индустрияландыру картасының 2014 жылдың ІІ жарты жылдығындағы инвестициялық жобалардың пайдалануға берілген тұсаукесерлеріне ғана емес, сонымен қатар, бесжылдықтың алдын ала қорытындыларына да арналған.

Салтанатты жағдайда онлайн жүйесінде индустрияландыру картасының 15 жаңа жобасы пайдалануға беріледі. Оның ішінде «Оңтүстік» АЭА-да бельгиялық технология бойынша кілемдер өндірісі бар.

004

Сондай-ақ, телекөпір кезінде Президентпен 16 нысан тікелей байланысқа шығады. Телекөпірден соң мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев президенттік «Алтын сапа» және «Парыз» сыйлықтарының лауреаттарын, сондай-ақ, «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-конкурсының дипломанттарын марапаттайды.