Сайрамда ҮИИД аясында 22 кәсіпорын іске қосылды. Бұл туралы Сайрам ауданының әкімі Уәлихан Қайназаров мәлімдеді. Ауданда бес жылда үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында 22 жоба іске қосылып, 1622 жаңа жұмыс орны ашылды.
«Ал биыл осы бағдарлама аясында «Ақсу Энерго» ЖШС-нің қуаттылығы 1 мВт болатын күн электр станциясы іске қосылып, 6 жұмыс орны ашылды. «Bio Grain» ЖШС-нің бидайды терең өңдеу арқылы глюкозалы-фруктозалы шырын, сірне, крахмал, кебек өндіретін зауыты іске қосылып, 50 жұмыс орны ашылды» деп мәлімдеді аудан басшысы.
Кәсіпкерлік — жаңа экономиканың қозғаушы күші болып табылады. Шағын және орта бизнес нысандары осы жылдың 10 айында 37,3 млрд. теңгенің өнімін өндіріп, көрсеткіш былтырға қарағанда 1,9 %-ға артқан. Жыл басынан бері 176 шағын кәсіпкерлік орны ашылған.
«Кәсіпкерлерге маңызды 4 бағытта жеңілдіктер беретін «Бизнестің жол картасы — 2020» бағдарламасы аясында 2011-2014 жылдар аралығында жобалық құны 24 миллион 929 мың теңге болатын 65 жоба қолдау алды. Ал 2014 жылдың 10 айында құны 6,5 миллиард теңгелік 12 жобаға қолдау көрсетілді» деп баяндады аудан әкімі Уалихан Қайназаров.
Дереккөз: ОҚО әкімдігі аппаратының баспасөз қызметі