Жәрмеңкеге жиналған жұрттың қарасы қалың

Мықты денсаулық пен тәтті дәм. Шымкентте бал жәрмеңкесі өтіп жатыр. «Мусихиндердің бал әлемі» компаниясы ұсынған тәтті дәм мерекесі облыстық опера және балет театрының залында өтіп жатыр. Ұйымдастырушылар ең жақсы сұрыпты әсел ұсындық дейді. Алтай мен Башқұрттың тәттісінен өзге емдік қасиетке ие балдың 30 түрі бар. Кез келген тұтынушыға қосымша сыйлық та қарастырылған.

Бал жәрмеңкесінің өнімдері
Бал жәрмеңкесінің өнімдері

Дәмі тіл үйірер «Царский бархат», яғни, патшалық мақпал балы – жәрмеңкенің мақтанышы. Ал Башлипа әселінің емдік қасиеті мол. Қоңыр қоймалжыңды бал – француздардың сүйікті тәттісі. Ара балы мәңгілік жастық пен зор денсаулықтың кепілі. Жоғарыда аталған әселден өзге отызға жуық балдың түрін жәрмеңкеден таба аласыз.

Жәрмеңкеге жиналған жұрттың қарасы қалың

Бал жәрмеңкесінен өзіңізге қажеттіні таңдау оңай емес. Бір мезетте әселдің түр-түрінен дәм татып, қорытынды шығару кез келген тұтынушыға қиынға соғады. Дегенмен балдың қаймағын таңдап беруге мамандар көмек береді. Бірден бірнеше түрін таңдасаңыз, қолызды да бос қоймайды.

Александр Хомуцких, тұтынушы: «Мен бірден үш түрлі әсел алдым. Біріншісі – царский бархат. Ол әйелімнің денсаулығына қажет. Сондай-ақ, балдардың жиынтығынан жасалған тағы екі түрін сатып алдым. 21-желтоқсанға дейін жеп қоямыз-ау, қайта келетінімен сенімдімін.»

Вера Юсупова, «Мусихиндердің балы»компаниясының өкілі: «Біз жәрмеңкеге қойып отырған балдың түрлі қасиеті бар. Әсіресе, емдік қасиеті бар түрін көптеп әкелдік. Сондай-ақ, түрлі дертке дауа. 12-желтоқсанда бастау алған жәрмеңке 22-желтоқсанға дейін жалғасады деп жоспарлап отырмыз.»

Жәрмеңкеге әселдің 30-ға жуық түрі қойылған
Жәрмеңкеге әселдің 30-ға жуық түрі қойылған

Ал жәрмеңкені ұйымдастырушы компания өкілдері омарташылардың жемісін жіті түсіндіріп, емдік қасиетінен мағлұмат беруден жалықпайды. Бұл дегеніңіз, тұтынушыға жасалған жағдай.

Тәттіге құмарлардың қатарында балалардан бастап ересектер де бар. Әрқайсысының таңдауы әрқилы. Жаныңыз қалаған дәмді дәл осы жерден табасыз. Айта өтейік, жәрмеңкеде омарташылардың қажетті құралдары да сатылуда. Табиғат сыйынан сіз де құр қалмаңыз.