Шымкентте тағы бір үйде жарылыс орын алды

297

Шымкентте газға қатысты тағы бір келеңсіз жағдай орын алды. Бұл туралы ТВК телеарнасы хабарлайды.

Жарылыс 26-желтоқсан күнгі сағат 16:00 шамасында Абай даңғылының бойында орын алды. Осындағы үйлердің бірінде орналасқан жекеменшік клиникада жарылыс болған.

Оқиға болған жер. Фото: //tvk-uko.kz
Оқиға болған жер. Фото: //tvk-uko.kz

Бұл жайында тілшілерге жергілікті тұрғындар хабар берген. Олардың әрқайсысы жарылыстың дауысын түрліше естігендерін айтады. Ал бір тұрғын клиниканың жертөлесінде газбен байланысты жұмыстың жүргізіліп жатқанын көріпті.

Ауа дүмпуінен көрші дүкеннің терезесі қирады 

Оқиға орнына тез арада полиция экипажы мен өрт сөндірушілер бригадасы келіп жетті. Тәртіп сақшылары көшенің осы бөлігіндегі қозғалысты жауып, адамдарды алысқа алып кетті. Алдын ала мәліметтерге қарағанда, оқиғадан үш адам зардап шеккен.

002

Абырой болғанда жарылыстан кейін өрт шыққан жоқ. Қазіргі уақытта жарақат алған адамдарға дәрігерлік көмек көрсетілген. Ал облыстық төтенше жағдай департаментінің мамандары болған жайға кейінірек түсінік береміз деп уәде берді.

004