Синоптиктер: «Желтоқсанда аязды күндер болмайды»

302
Шымкент желтоқсан айында жылы болады

Оңтүстікте қаңтардың қара суығы басталмай жатып-ақ жауған қалың қар ағайынды абыржытып тастады. Облыстық маңызы бар жолдардың жағдайына алаңдаған тұрғындар қала көшелері кептіліске толғанын айтып шағымданды. Алдағы күндері Оңтүстікті қандай ауа райы күтіп тұр және қандай маңызды жолдар жабылуы мүмкін?

Шымкентте жауған қар көк тайғаққа айналды
Шымкентте жауған қар көк тайғаққа айналды

Желтоқсанның аязды күндері күшінде мінді. Аудан-қаладағы тұрғындардың сөзіне сенсек, кешегі жауған қар әжептәуір әбігерге салған. Әсіресе автокөлік тізгіндеген ағайын жылтыр жолда тайғанақтап, жиекке шығып кеткен көліктердің жағдайын айтып шағымданды.

Тәжібай Дәрменшиев, жүргізуші: «Мына желтоқсан айының өзінде біраз абыржып қалдық, таңертең көше көктайғақ болады. Жол азанымен тазаланып үлгермей жатыр. Кептеліс көп болады, ал кей автокөліктер қысқы жолға әлі дайын емес. Қалың қарда жолға шығуға қорқып, осындай қиындықтар туып жатыр.»

Бірақ көп ұзамай төтенше жағдайлар департаментінің мамандары жұмысқа кірісті. Сөздеріне сенсек, ауа райының қолайсыздығынан қорқудың қажеті жоқ. Енді жолаушы тасымалдайтын автобустардан бастап ауыр жүк көліктеріне төнген қауіп сейілген.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=xt-h2VtHryo[/youtube]

Ерғали Бавқаев, облыстық ТЖД бөлім басшысы: «Қазіргі таңда жолдың барлығы ашылған. Созақ ауданында — 3, Бәйдібек ауданында 3 дана техникадан жасақталды. Олар қар тазалау және құм шашу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Сондай-ақ, облыстық маңызы бар жолдардың барлығы да ашық.»

Ал осы кезде синоптик мамандар жерлестерімізге жағымды жаңалықты жеткізді. Мамандар желтоқсан айында аязды күндер жоқтың қасы деп отыр. Тек түнде -6 градус суық болуы мүмкін.

Шымкент желтоқсан айында жылы болады
Шымкент желтоқсан айында жылы болады

Мақсат Төленгітов, синоптик-инженері:»Алдағы күндері Оңтүстік Қазақстан облысында жауын-шашын күтілмейді, ауа температурасы біртіндеп жоғарылайды. Толығырақ айтсам, апта бойы қар жаумайды, сол себепті ауа температурасы біртіндеп көтеріледі, кешегі 15-25-ке дейінгі аязды суықтың беті қайтады.»

Дегенмен, «Қазгидромед» мамандары сарышұнақ аязды күндер әлі алдағы айларда деп мәлімдейді. Тіпті соңғы рет елімізде 1969 жылы болған үскірік аяз қайталануы мүмкін деп күтілуде.