Оңтүстік Қазақстан облысының тәртіп сақшылары Қызыл кітапқа кіретін қарақұйрықты өлтірген браконьерді қолға түсірді. 20 желтоқсан күні Арыс ауданында өткізілген жедел алдын алу шарасы кезінде жергілікті полицейлер табтғатты қорғау инспекторларымен бірге Шардара-Арыс тасжолында «ВАЗ-21213» автокөлігін тоқтатады. Көліктің рөлінде отырған азамат Шымкенттегі ауруханалардың бірінде дәрігер болып істейтін 33 жастағы қала тұрғыны екені анықталған.

001

Тексеру барысында тәртіп сақшылары автокөліктен Қазақстанда сирек кездесетін, Қызыл кітапқа енетін қарақұйрықты тауып алды. Жануардың еті бөлшектеліп, қапқа салынған екен. Оған қоса көліктің ішінен 12 калибрлі мылтық пен оқтар, пышақтар, екі қолшам мен қуатты жарық шамы секілді тағы да басқа аңшылық саймандарды табылды.

002

Бүгінгі таңда қажетті сараптамалар белгіленді. Дәлелді заттар алынды. Күдікті ешқайда шықпайтын жөнінде қолхат жазған. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Аталған жайтқа байланысты қылмыстық кодекстің 288-бабы – «Заңсыз аңшылық» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Аталмыш бапта 200-ден 500-ге дейінгі айлық көрсеткіш көлемінде айыппұл салу немесе бір жылға дейін бас бостандығынан айыру және мүлкін тәркілеу жазасы көрсетілген.

Жыл басынан бері ОҚО полицейлері табиғатты қорғау заңдылығын бұзудың 20 қылмыстық фактісін анықтаған.