Түрмелердегі электр энергиясы үнемделмейді

239
Фотосурет интернеттен алынды

Оңтүстіктегі түзету мекемелерінде электр жарығы үнемделмейді. Сондықтан болса керек, мұндағы коммуналдық қызметтерге төлем молынан жұмсалады. Мұны тексеру барысында прокуратура қызметкерлері анықтаған.

Фотосурет интернеттен алынды
Фотосурет интернеттен алынды

2012 жылдың қорытындысы бойынша түзеу мекемелеріндегі электр жарығына 120 миллион теңге төленген. Прокурорлардың айтуынша, бұл шығынды 5 есеге кемітуге болады екен. Сондықтан құзырлы орган қызметкерлері түзеу мекемелерінің басшыларынан мемлекет қаржысын үнемді пайдалануды талап етуде. Айта кетейік, осы тексерудің нәтижесінде кейбір түзету мекемелерінде электр жарығын үнемдейтін жарықтар қойылған.

[youtube]http://youtu.be/2Q883U8gaU8[/youtube]