Түлкібастан көне құмыралар табылды

1308
Үйден табылған олжа

Түлкібас ауданындағы Кершетас ауылында көне заманның құмырасы табылды. Биіктігі 80 және 90 сантиметр болатын екі жәдігер Рысымбековтер жанұясының ауласынан шыққан.

Үйінің жанынан жер қазып жатқан Ерғали Рысымбеков күрегінің белгісіз қатты затқа тигенін аңғарады. Ақырын, айналасын кеңейтіп, түбін тазалағанда үй иесі заттың құмыра екенін көреді. Саздан жасалған ыдыс жердің астында екі метр тереңдікке қатар қойылған. Іші топырақпен толтырылып, беті арнайы кірпішпен жабылған. Отағаның айтуынша, көне ыдыс су сақтауға не болмаса бидайға арналған болуы мүмкін.

Үйден табылған олжа
Үйден табылған олжа

Есенәлі Рысымбеков, Кершетас ауылының тұрғыны: «Баяғы заманда астықты түйеге артып тасыған гой. Ол кезде көлік болмаған. Осындай етіп жасайды да, тұйеге қоржын ретінде артып кете берген. Сол кезде көміп кетті ме, жоқ әлде осы жерде болды ма, оны білмейміз. Енді қазір осыны естелік ретінде сақтап қойып отырмыз.»

Байырғы заманда осы жерден Ұлы жібек жолымен керуені жүріп өткен. Саудагерлер мен көпестер Түлкібас ауданындағы Машат шатқалына тоқтап, осы жерде тыныққан деген әңгіме де бар. Сондықтан Рысымбековтер отбасы олжаны сол заманның тебірегі деп отыр. Табылған олжаны олар естелік ретінде сақтап қоймақ.