Шымкентте бағасы 100 мың теңгеден асатын ұялы телефонды ұрлап қашпақ болғандар ұсталды. Оларды тәртіп сақшылары алысқа ұзатпай қолға түсірген. Оңай олжаға кенелуді көздегендердің әрекеті бейне бақылау камерасына жазылып қалєан. Әрі жәбірленуші дер кезінде полицейлерге хабар беріпті.
Міне, күдікті ретінде ұсталған жігіттер. Қошқар ата өзені маңында қашып бара жатқан олар жол-патрульдік полиция инспекторларына ұсталып қалды. Жастары 21 шамасында. Тінту кезінде күдіктілердің бірінің қалтасынан қара тапанша табылды.
[youtube]http://youtu.be/HhJoSFqQihg[/youtube]
Кейінен белгілі болғандай, сезіктілер 19 жастағы бозбаланы қарумен қорқытып, ұялы телефонын тартып алған. «Самсунг» маркалы телефон бұзақылардан тәркіленіп, иесіне қайтарылды. Ал тапаншаны күдіктілер сол маңайдағы қоқыстан тауып алдық деп отыр.
[youtube]http://youtu.be/W_FaZNG4tzY[/youtube]
Тәртіп сақшылары ұсталғандарды жергілікті полиция бөліміне жеткізді. Қазіргі таңда қылмысқа күдікті азаматтардың үстінен қылмыстық кодекстің 178-бабы бойныша тонау фактісіне қатысты іс қозғалды.