Оқушылар үшін жаңа жылдық мереке басталды. Облыстық әкімдіктің ұйытқы болуымен жасөспірімдер Шымқаланың көрікті жерлерін тамашалады. Аудандар мен қалалардан әлеуеті төмен отбасыдан шыққан және жартылай жетім 200 жасөспірімге шаһардың тарихи және мәдени орындарына экскурсия ұйымдастырылды.
Оқушылар үшін қалалық мектептер арнайы концерттік нөмірлерін ұсынды. Бір өкініштісі, желтоқсанның ызғарлы суығында оқушылар жалғыз көйлекпен тұрды. Олар көңілдерінде жылу болғаныман, бойларын суыққа алдырғандарын жасырмады.
Альбина Сабитова, Ы.Алтынсарин атындағы №65 мектеп гимназиясының оқушысы: «Күн суық. Мен жаурадым.»