Жолаушылар тасымалдау жүйесін реттеуге енді облыстық кәсіпкерлер палатасы да атсалысатын болады. Палата мен жолаушылар тасымалдау қауымдастығы өкілдерінен құралған жұмысшы тобы қоғамдық көліктердің сапалы қызмет көрсетуі үшін арнайы бағдарлама аясынды бірлесе жұмыс істемек.
Онда автобустардың сапасынан бастап қоғамдық қатынасқа қатысты барлық шаралар қамтылған. Бастамашыл топ осылайша қоғамдық қатынасты ретке келтіреміз деп отыр. Тіпті салаға жұмсалатын шығындарды азайтып, жолақының тұрақты болуын қамтамассыз етеміз дейді.