Жыл басынан бері 27 жеңгетай ұсталды

441
фото - //devyatka.ru

Оңтүстік Қазақстанг облысында «Стоп-трафик» жедел-алдын алу шарасы барысында екі жеңгетай анықталды. Облыс көлемінде орын алып жатқан адам саудасы фактілерін анықтау мақсатында 1-5 желтоқсан күндері аралығында облыстық ішкі істер департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы жедел іс-шара өткізді.

фото - //devyatka.ru
фото — //devyatka.ru

Аталмыш шара барысында тәртіп сақшылары жеңгетайлықпен айналысудың екі дәйегін анықтады. Тәртіп сақшылары Шымкент қаласындағы сауналарының бірінің қызметкерін жеңіл жүрісті қыздан тән саудасын жүзеге асыру мақсатында шақырғаны үшін 1000 теңге алып жатқан жерінен қолға түсірді.

Осы фактіге байланысты қылмыстық кодекстің 271-бабы — «Жезөкшелiкпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе ұстау және жеңгетайлық» бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Жыл басынан бері облыс аумағында жезөкшелiкпен айналысуға арналған орындар ұйымдастыру мен жеңгетайлықтың 27 дәйегі тіркеліп, соның 19-на қатысты қылмыстық іс қозғалған. Сонымен қоса «Стоп-трафик» жедел алдын алу шарасы кезінде полицейлер 60 жеңіл жүрісті қызды есепке қойды.

Тәртіп сақшылары қала тұрғындары мен қонақтарынан адам саудасына қатысты қылмыстарға куә болған жағдайда 98-00-56 сенім телефонына қоңырау шалуды сұрайды.