Қапал батыр көшесіндегі теміржол көпірін қайта жөндеу жұмыстары басталды. Бұған дейін ұзындығы 150 метрді құрайтын көпірдің ені 9 метр еді. Енді ол 20 метрге дейін кеңейетін болды. Бұл — көліктердің жүруіне қолайлы.
Өткен жылы бөлінген 40 млн. теңгеге көпірдің бетон тіреуіш бағандары дайындалып, жер қазу жұмыстары жүргізілуде. Шілде айында басталған жұмыс барысында құрылысшылар бірнеше кедергілерге де тап болған. Көпірдің екі бетінде де құрылыс нысандары бар. Соларды бұзу мәселесін кезек күтірмейтін шара болып тұр дейді құрылысшылар.
60-жылдары салынған ескі көпірмен тәулігіне 30 мыңға жуық көлік өтеді. Астында 22 шойын жол бар. Сондықтан мердігерлер «Қазақстан теміржолы» мекемесімен келісілген кестемен жұмыс істеп жатыр.
[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=VfKTWH4g6PI[/youtube]
Жалпы құны 1 млрд. 159 млн. тенгені құрайтын нысан 2016 жылы қолданысқа беріледі деп күтілуде. Қалалық жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімінің басшысы Қуатжан Жұматаев көпірді толық жаппаймыз деп сендіреді. Алдымен жаңа көпірдің бір жағының жұмысы аяқталып, қозғалыс үшін ашылғаннан кейін барып екінші жағы жабылады деп күтілуде.