Қарабастау тұрғындары жарықсыз отыр

197
фото: //user.vse42.ru

Қарабастау шағынауданының тұрғындары коммуналдық қызмет сапалы көрсетілсе, құнын төлеуден қашпас едік дейді. Мұндағы халық жарықсыз отыр. Жуырда облыс әкімдігінің алдына жиналып, наразылықтарын да білдірді.

фото: //user.vse42.ru
фото: //user.vse42.ru

Тұрғындардың айтуынша, бір аптадан бері жарықсыз қалған. Сығырайған электр қуатын қосса, оның сапасы сын көтермейді. Өйткені электр жарығымен қамтамасыз ететін мұндағы трансформатор жекеменшікке өтіп кеткен. Сол себепті Қарабастаудағы 280 отбасы қараңғыда отыруға мәжбүрміз дейді.

Бұл наразылықтан соң ашынған тұрғындардың жағдайымен Еңбекші аудандық әкімдігінің өкілдері арнайы барып танысты. Олар жарықсыз отырған тұрғындардың проблемасын жуық арада шешеміз деп уәде берді.