Шымкент қаласындағы жолаушылар тасымалдайтын қоғамдық көліктер бүгіннен бастап қатаң бақылауға алынды. Жол-патрульдік полициясынің ұсынысымен барлық автобустарға бейнебақылау орнатылып жатыр.
Бүгін 103-бағыттағы 18 көлікке қондырғы орнатылды. Бейнеқондырғы бір-бірімен жарысып, апаттардың орын алуына себеп болатын автобус иелерінің әрекеттеріне тосқауыл болады деген сенім бар.
[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=qs-vUIAzgjk[/youtube]
Естеріңізде болса, өткен жылы жолаушыға, дұрысы 50 теңгеге таласқан қоғамдық көлік жүргізушілерінің кесірінен аялдамада жас қыз ажал құшқан болатын. Бұл қондырғы Қазақстан бойынша алғаш рет Шымкент қаласындағы көліктерге орнатылып жатыр.