Жыл басталмай жатып Шымкентте газдан улану оқиғасы тіркеліп үлгерді. Қайғылы ағдайдан 32 жастағы әйел қайтыс болып, екі адам ауыр халде ауруханаға түсті.

001Төтенше жағдай саласы мамандарының айтуынша, орын алған екі оқиға да тұрғындардың салғырттығынан болған. Олар газ қондырғыларын пайдалану ережелерін өрескел бұзылған деп отыр. Өткен жылы газдан уланудың 15 оқиғасы тіркелген еді. Алдағы уақытта төтенше жағдай болмасы үшін бүгін қала әкімдігі, төтенше жағдай департаменті және «ҚазТрансГаз Аймақ» мекемелері бірлесе отырып брифинг өткізді.