Жазатын өтеушілерге жеңілдік жасау ісін енді облыстық емес, аудандық судьялар да қарап, шешім шығарады. Бұл жөнінде облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының жылдық қорытындысында айтылды. Басқосуда ауданаралық сотының өндірісінде 239 қылмыстық іс болғаны сөз болды. Оның 332 тұлғаға қатысты 218 қылмыстық ісі аяқталған. 20 қылмыстық іс қалдық.
Алқа билердің қатысуымен 18 тұлғаға қатысты 8 іс қаралып, аяқталды. 17 тұлғаға қатысты айыптау, 1 тұлғаға қатысты ақтау үкімі шығарылған. Айта кетейік, жиында жазаға қатысты бірқатар өзгерістер де айтылды.
Жәнібек Сейтжапбаров, облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы: «Жазаға қатысты өзгерістер бар. Түрмеге қамау мерзімі ұзарды. Бұл — жасөспірімдердің қатысымен орын алған қылмыс, зорлық-зомбылық пен адам өлтіргендерге қатысты. Мәселен, адам өліміне байланысты жаза бүгінге дейін 6-15 жыл аралығында болса, қазіргі таңда ол 8-15 жыл аралығында тағайындалады».