Ауылдағы ағайын көпқабатты үйге қол жеткізді

386
Жарты ғасырға жуық жаңғырған бағдарлама
Жарты ғасырға жуық жаңғырған бағдарлама

Түлкібас ауданында 40 жылдан соң биыл ғана көпқабатты үй тұрғындардың қуанышына пайдалануға берілді. 24 отбасы жаңа пәтерге көшті. Бұл — «Қолжетімді баспана» бағдарламасы аясында облыстық қазынадан бөлінген қаржыға атқарылған шаруа.

Жарты ғасырға жуық жаңғырған бағдарлама
Өз иелерін қуантқан үй

Састөбе ауылы осыдан 50 жыл бұрын цемент өндірісімен аймақтың мақтанышы болған. Сол кезде ауылда бірнеше көпқабатты үй бой көтереді. Енді, міне, араға 40 жыл салып экономикасының қуаты зор өлкеде қайтадан көпқабатты үйлер тұрғызыла бастады.

Қайрат Әбдуәлиев,  Түлкібас ауданының әкімі: «38 жылдан астам уақыттан кейін, бүгін міне, 24 пәтерлі үй беріліп отыр екі елдімекенде. Келесі жылы 96 пәтерлі үй пайдалануға беріледі. Бағдарламаны орындау мақсатында осындай жұмыстар атқарылып жатыр.»

Састөбе ауылындағы үй кезінде қаңырап бос тұрған. 54 миллион теңге бөлініп, күрделі жөндеуден өтті, жаңартылды. Бар инфрақұралымы жасалды. Ал Түлкібас кентіндегі екіқабатты үйдің құрылысы ерте көктемде басталып, енді тұрғындар қоныстойына көпшілікті шақырып отыр. Төрт баласын бір өзі асырап отырған Мейрамгүл Ережімбетова осындағы мектепте мұғалім болып жұмыс істейді.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=y8CWJdjPG7Q[/youtube]

Мейрамгүл Ережімбетова, Түлкібас кентінің тұрғыны: «Қуаныштымын! Өйткені, Түлкібстың суығы, желі болады, сол кезде мектепке барып-келуге ыңғайлы. Өзіме де жақсы болып қалды. Жұмысыма жақын.»

Мейрамгүл осы уақытқа дейін пәтер жалдап тұрып келген екен. Ал апалы-сіңлілі Құндызай мен Ақбота ата-анасынан ерте айрылған соң алғашында ағасымен бірге тұрған. Есейген соң екеуі бөлек шығып, пәтер жалдап тұрыпты.

Құндызай Байзақова, Түлкібас кентінің тұрғыны: «Енді пәтердің ақшасын үнемдеп, өзімізге жұмсайтын болдық. Өз үйіміз бар. Өте қуаныштымыз. Рахмет Елбасымызға, үлкен ағаларға!»

Түлкібаста «Қолжетімді баспана» бағдарламасы екі бағыт бойынша жүзеге асырылмақ. Бірі — көпқабатты үйлер салу, екіншісі — жер телімін үнемдеу үшін екі-төрт пәтерлі үйлер тұрғызу.