Бүгіннен бастап Оңтүстікте бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға конкурс жарияланды. Бұл туралы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Оңтүстіктегі департаментінің мамандары хабарлады.
Қазіргі таңда департаментте барлығы 34 бос орын бар. Оған 55 азамат үміткер. Олардың ішінде бесеуі қызмет өтілінің талаптарға сәйкес келмеуіне байланысты әңгімелесу сатысына жіберілмеген. Ал қалғандары тест тапсырып жатыр.