Баспанасыз қалғандарға көмек көрсетіліп жатыр

315
Жерлестерімізге "Қызыл ай" қайырымдылық ұйымы көмек қолын созды

Шымкенттегі жарылыстың салдарынанан баспансыз қалған жерлестерімізге көмек көрсету жалғасып жатыр. Бүгін оларға азық-түлік жеткізілді. Уақытша туған-туыс пен жатақханаларды паналаған ағайынға бұл жолы әлеуметтік көмекті қайырымдылық ұйымдары көрсетті.

Жерлестерімізге "Қызыл ай" қайырымдылық ұйымы көмек қолын созды
Жерлестерімізге «Қызыл ай» қайырымдылық ұйымы көмек қолын созды

«Қайырымды адамдар көмектерін беріп жатыр. Тіпті біз танымайтын адамдар да келіп, ет, тәтті тоқаштарын берді. Бізге қазіргі басты қажеттілігіміз де осы азық-түлік. Баршаңызға рахмет» дейді Елена Жируева.