Бейнебақылау камерасын да сотта қолдануға болады

235
фото: //vaz04.ru

Көліктің бейнетіркеуіш камерасындағы жазбаны сотта айғақ ретінде көрсетуге болады. Бұл 1-қаңтардан бастап күшіне енген жаңа заңда қарастырылған. Бұған дейін бейнекамера жазбалары ғаламторда талай дау тудырған еді. Онда талай жол апаттары көрсетілді.

фото: //vaz04.ru
фото: //vaz04.ru

Алайда видеоға қатысты қызметтік тексеру жүргізілгенімен, оның сапасы, күні мен уақытының нақты жазылмағанын сылтауратқан судьялар оны процестерде қараудан бас тартатын. Енді әкімшілік құқық бұзушылық туралы жаңа кодекске сай жазбаны сот отырысына алып келіп, нақты айғақ ретінде көрсетуге болады.

Жалғыз бейнетіркеуіш емес, көшедегі бақылау камерасына түскен жазбаны да іске дәлел ретінде қосуға заң бойынша рұқсат етіліп отыр. Ал айып тағылған тарап видеоның шынайлығына күмән келтірсе, ол сараптамаға жіберіледі.