Дәрігерлер дабыл қағуда. Бүгін белгілі болғандай, жаңа жыл мерекесінде облыстық балалар клиникалық ауруханасының офтальмология бөлімшесіне былтырғымен салыстырғанда жарақат алғандар көп түскен. Қазіргі таңда тоғыз бала ем қабылдауда.

003Мамандардың мәлімдеуінше, пиротехникалық жарылғыш заттар сапасыз. Олар балалардың қолында жарылып, көздеріне айтарлықтай зақым келтірген. Ең сорақысы, балаларға петардаларды ата-аналардың өздері сатып алып берген. Қысқы демылас күндері басталғанын ескерсек, үлкендердің мұқият болғаны жөн дейді дәрігерлер-офтальмологтар.