Созақта халық қалаулысы сотталды. Аудандық мәслихатының депутаты Марат Үшібаев адам өлтіргені үшін бас бостандығынан айырылды. Аудандық сот айыпталушыны қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша айыпты деп тауып, үш жыл жеті айға бас бостандығынан айыру жөнінде үкім шығарды.
Сотталушы жазасын қоныс колониясында өтейтін болады. Естеріңізге сала кетейік, қайғылы оқиға өткен жылдың соңында Созақ ауданында орын алған. Кешкісін көлігімен көшеде келе жатқан депутат абайсызда ауылдасын қағып кеткен.
Ауыр дене жарақатын алған 67 жастағы тұрғын оқиға орнында мерт болған. Сотталушы, сонымен қатар, аудандағы №1 кәсіптік колледждің директоры қызметін де қоса атқарған болатын.
[youtube]http://youtu.be/fb4_AoX_uG4[/youtube]