Еңбекші ауданының әкімдігі Сайрам тұрғын алқабында тұратын Ұлы Отан Соғысының ардагері Хасан Қамбаровты туған күнімен құттықтады.
90 жасты алқымдаған ақсақал өзіне көрсетілген құрметке ризашылығын білдіріп, алғысын айтты. Сұрапыл соғысқа 1942 жылы аттанған қарт жауынгер Ұлы Жеңісті қарсы алғаннан кейін Жапон шайқасына да қатысыпты. Бүгінде 2 ұл, 2 қыздан 10 немере, 3 шөбере сүйіп отырған қарт жиналған қауымға батасын берді.