жапониялық су жаңа автокөліктер

Шымкенттің бес тұрғыны су жаңа жапониялық автокөлікті тақымдарына басты. Олар оңай олжаға «Эврика» компаниясының жаңа жылдық «Қысқы драйв» акциясы арқылы қол жеткізіп отыр. Жолы болған жандар ұтыс лотереясын сатып алған жоқ, сапалы тұрмыстық және электроникалық техникаларды ұсынатын «Эврика»сауда кешенінен 50 мың теңгеден жоғары сомаға сауда жасаған.

"Эврика" сауда желісі

«Эврика» компаниясының өкілдері су жаңа автокөліктердің иелерін құрмет-ықыласпен қарсы алды. Салтанатты шарада жолы болған жандар ұтысты көздерімен көріп, сәттілікке сенер-сенбестерін білмей қалды.

жапониялық су жаңа автокөліктер

— Автокөлік жеңіп алдым. Өте қуаныштымын! Шынымды айтсам, алғашында бізге хабарласып, қуанышты жаңалықты жеткізгенде сенген жоқпыз. Енді, міне, бәріміз келдік, сыйлыққа рахмет! — дейді жеңімпаз азаматша.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=u_0mMUcyY0w[/youtube]

«Эврика» сауда желісі ұтыс ойынын қолға алғанда Снежана Мальцева басты сыйдан дәмелді болған жоқ. Енді жеңісті қанжығасына байлап, қуанышты хабарды туыс-жақынға жеткізуге асықты.

Снежана Мальцева:»Күтпеген сыйлық! Мен алғаш рет мұндай ұтысқа ие болып отырмын. Қуанышымды сөзбен айтып жеткізе алмаймын! Менің көлік жүргізу куәлігім бар, бірақ көлік басқаруды ұмытып қалыппын.»

Қатысушыларға қойылған талап қарапайым болатын. Олар өткен жылдың 10-қарашасынан бастап, 2015 жылдың 10-қаңтарына дейін «Эврикадан» 50 мың теңгеден көп ақшаға тауар сатып алуы тиіс. Одан кейін тұтынушылар «СмартБонус» картасының иегері атанды.

Құрбан Хасбулатов, «Компания Эврика» ЖШС маркетинг директоры: «Алдағы күндері біз бұдан да қызықты ұтыстарды қолға аламыз. Себебі, біздің компанияның тұтынушылары артып келеді. Және «Эвриканың» бөлімшелері еліміздің 7 аймағында бар. Бұл — биылғы ұтыс ойындарында жеңімпаздар саны артады деген сөз».

Айта кетейік, «Эврика» компаниясы әрдайым өз тұтынушыларын ұмытпайды. Шарада өзге де қатысушыларға тұрмыстық және электроникалық сый-тартулар үлестірді. Биылдың өзінде 850 ұтыс сыйлығы ойнатылған.