Көлік ұрлаған жігіт екі адамды жарақаттады

331

Шымкентте көлік ұрлаған жігіт екі адамның жарақат алуына себепкер болды. Полиция қызметкерлері 30 жастағы такси жүргізушісі хабарласып, Қайтпас-1 шағынауданында көлігін клиенті мініп кеткенін хабарлайды.

007

Анық болғаны, жас жігіт такси тоқтатып, үйіне кетіп бара жатқан жолда жүргізушінің сеніміне кіреді. Сөйтіп, рөлдегі азаматта дүкеннен ішімдік алып беруін сұранған. Ол кеткен кезде көлікті міне қашыпты.

Осы оқиға бойынша дереу қолға түсіру шарасы жүзеге асырылып, 10 экипаж шұғыл аттанады. Арада екі сағаттай уақыт өткен соң күдікті көлік қаладағы мал базары жақтан анықталады. Қазығұрт, Құрсай шағынаудандарындағы жолды жапқан тәртіп сақшылары ақыры күдіктіні ұстайды.

Күдікті жігіт
Күдікті жігіт

Ол — 28 жастағы қала тұрғыны болып шықты. Көлікті еш мақсатсыз мініп кеткенін айтады. Жолда қашып жүріп, Ваз көлігін артынан соққан. Соның салдарынан Ваз көлігінің ішіндегі екі қыз жарақат алды. Оларға көмек көрсету үшін оқиға орнына екі жедел жәрдем бригадасы келді.

006

Қазір күдікті жігіт қамауға алынған. Оның үстінен іс қозғалып, тергеу амалдары жалғасуда.