Көлігіңізден көк түтін шықпай ма?

487

Жол жүрудің жаңа ережелерін жаттауға тырысқан жүргізушілер өзге талаптардың кейбірін ұмытып кеткен секілді. Солардың бірі – көліктен шығатын түтін. Яғни, көлік қалдықтарының экологиялық стандартқа сай келуі. Осы олқылықтың орнын толтыруға бүгін прокурорлар мен полиция қызметкерлері шықты.

Бұл жолғы тексеру әдеттегі рейдтен өзгеше. Жүргізушінің құжатын тексерген соң тәртіп сақшысы жіңішке түтікті көліктің түтін шығатын құбырына тыға қояды. Одан шыққан қалдықтың мөлшерін арнайы құралдың экранынан көріп, қағазға басып шығаруға болады.

Ескілеу Ауди көлігін тізгіндеген мына азаматтың жолы болмады. Көлігінен шығатын қалдың мөлшері Евро-4 стандартынан асып кеткен. Бұл жолы тоқтатылған әр үш көліктің біреуінің Евро-4 стандартына сай келмейтіні анықталды. Енді бұл жүргізушілер әкімшілік жазаға тартылады. Ол – 2 айлық-есептік көрсеткіш көлеміндегі айыппұл.

Егер жүргізуші айыппұлды 1 аптаның ішінде төлесе, онда 1 АЕК сомасында төлейді. Жалпы, Қазақстанда автокөліктерге қатысты Евро-4 стандарты 2013 жылдың 1-шілдесінен бастап енгізілген. Ал Евро-4 талабына сай келетін жанармай шығару 2016 жылы басталмақ. Оған дейін жүргізушілер көліктеріндегі ақауды өздері жөндеулеріне тура келеді.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=bJXqJwmSmaY[/youtube]