Қаратау ауданының әкіміне айыппұл салынды

58

Қаратау ауданының әкіміне 332 мыңнан астам теңге көлемінде айыппұл салынды. Бұл туралы қалалық прокуратура мәлімдеді.

Ведомство ақпаратына сүйенсек, Қаратау ауданының прокуратурасы мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру және бюджет қаражатын игеру кезінде заңдылықтың сақталуына талдау жүргізген. Талдау нәтижелеріне сәйкес конкурстық құжаттамада мемелекеттік сатып алу бойынша заңнамада көзделмеген  талаптарды көрсету, сондай-ақ әлеуетті өнім берушіні біліктілік талаптарына сәйкес емес деп заңсыз тану және өз міндеттемелерін тиісінше орындамаған жеткізушілерге шара қолданбау фактілері анықталған.

«Шымкент қаласы Қаратау ауданының әкіміне қатысты прокурорлық қадағалау актісі бойынша ӘҚБтК-нің 207-бабының 5, 7 және 10-бөліктері бойынша (ҚР Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын бұзу) әкімшілік құқық бұзушылық туралы 9 хаттама толтырылып, мемлекет кірісіне 332 280 теңге көлемінде айыппұл өндірілді» – делінген прокуратура мәліметінде.

(Фото: elements.envato.com)