Ленинград қоршауының бұзылғанына – 71 жыл

465

Бүгін атаулы күндер тізбесінде ерекше күн. 27 қаңтар – Ленинградтың қоршаудан азат етілген күні. 1944 жылы ленинградтықтар неміс-фашистерінің 900 күндік қоршауына асқан ерлікпен төтеп берді. Қоршауда қалған қалалықтар мен оны азат етуге қатысқан сарбаздардың ұйқысыз түндер мен аш құрсақ күндерді қалай бастан өткергенін айтып жеткізу де қиын.

Мухаммед Хайдар Дулати атындағы №8 мамандандырылған гимназиясының оқушылары осы күні жеңімпаз ардагерлерді қонаққа шақырыпты. «Ұлы Жеңіске – 70 жыл» атты шарада ардагерлер адам төзгісіз сұмдықтарды еске алды.

ХХ ғасырдың тарих қойнауындағы осынау қасіретті күндердің куәгерлерінің бірі —Таисия Ивановна. 1941 жылы 8-қыркүйекте Ленинград қоршауға алынғанда ол 20 жаста болатын. Аштыққа ұшыраған жерлестерінің кешкен күйін күрсіне еске алады.

Соғыс пен аштықты бастан кешкен ардагер

Таисия Ивановна, Ленинград қоршауында болған ардагер: «Немістердің қошауында қалдық. Басқа қалалардан байланыс үзілді. Ағаш ұнтағы аралас нанды грамдап берді. Кейін ол да жоқ болды. Көктем шығысымен көк шөпті таласып жедік.»

«Ленинградтық өрендерім». Жамбыл Жабаевтың бұл өлеңі сол кезде майдан даласындағы талай жауынгерге рух берді. Сахналық көріністі ұсынған оқушылар ардагерлердің өзі аузынан естіген әңгімелері арқылы сол қиын сәттерді елестеттік дейді.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=8FhuVKysiUc[/youtube]

Уәлихан Асанов, М.Х.Дулати атындағы №8 мамандандырылған гимназия оқушысы:»Біз соғысқа қатысқан ата-апаларымызды ешқашан ұмытпаймыз. Оларды бізден кейінгілер де ұмытпайды. Ардагер апаның айтқаны жүрегіме қатты батты».

Биыл Ленинградтың қоршаудан азат етілгеніне 71 жыл толып отыр. Осы күні бейбіт заманның өскелең ұрпағы ерен еңбегі үшін ардагерлерге алғыстарын жеткізіп, қаза тапқан майдангерлердің рухына тағзым етіп, гүл шоқтарын қойды.