Арнайы құрылған комиссия жұмысына кірісті. Шымкент қаласы әкімінің шешімімен соңғы екі айда өңірде улы газдан улану, жарылыстан зардап шегу деректерінің орын алуына байланысты тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында арнайы комиссия құрылды.
Оның құрамында аудан әкімдіктерінің өкілдері, прокуратура, газ саласының мамандары және депутаттар бар. Бүгін олар Қайтпас шағынауданындағы жаңадан газ құбырлары жүргізілген көшенің тұрғындарымен кездесіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=mxDD55xt3dQ[/youtube]
Комиссия мүшелері халыққа төтенше жағдайдың алдын алу және келеңсіз жағдай орын алғанда қандай алғашқы шара көру керегін айтты. Айта кетейік, жыл басынан бері, яғни 10 күннің ішінде 8 улану оқиғасы орын алған.