Оңтүстікте әйел кісі қарулы қарақшыға тойтарыс берді (видео)

332
фото: //cem-zavod.ru

2014 жылдың жазының соңында сағат 17:30-да Отырар АІІБ-нің кезекші бөліміне жергілікті тұрғын хабарласып, оған қарулы шабуыл жасалғаны туралы шағымданған. Оқиға орнына жеткен жедел тергеу тобы қара түсті киім киген, бетперде таққан 35-40 жастағы белгісіз біреудің дүкеннің ішіне кіріп, Ибашеваға күш қолданғанын анықтайды. Қарақшы әйелді ұрып-соғып, анықталмаған тапаншаға ұқсас қарумен қорқытып, ақша талап етеді.

Бірақ, әйел осал болмай шықты. Ол тапаншаны жұлып алып, шабуыл жасаған күдіктінің денесінің төменгі жағына оқ атып, жарақаттаған. Сонан соң екеуі алыса кетеді. Нәтижесінде шабуылшы тапаншаны жәбірленушіден жұлып алып, оның оң иық тұсына оқ атып, жарақаттаған соң оқиға орнынан белгісіз автокөлікке мініп, қашып кетеді. Ал әйел болған оқиғаны полиция бөліміне хабарлап, жарақатымен аудандық ауруханаға жеткізіліп, сол жерде медициналық көмек алады.

Жәбірленуші кейінірек полиция қызметкерлеріне шабуыл жасаған күдікті мен оның автокөлігін сипаттап береді. Тәртіп сақшылары тез арада аудандық полиция бекеттеріне «Ұстау » жоспарын хабарлап, күдікті туралы мәлімет тарқатқан.

Арада бір ай өткен соң облыстық ішкі істер департаментінің криминалды полиция басқармасының жедел қызметкерлері Отырар ауданының 34 жастағы тұрғынын тұтқындады. Ол Тараз қаласында адам өлтіріп, қашып кетпек болған жерінен сотты болған екен. Қазір күдікті тергеу изоляторында. Тергеу амалдары жүргізілуде.

001

Жақында Шымкент қаласында өткен ОҚО ІІД жұмысының нәтижесін жинақтау кезінде Қазақстан Республикасы ішкі істер министрінің атынан министрдің орынбасары, полиция генералы Рашид Джакупов Отырар ауданының тұрғыны Айшагүл Ибашеваға азаматтық борышын орындап, ерлік көрсетіп, полицейлерге ауыр қылмысты ашуға көмектескені үшін құрмет грамотасы мен түрлі-түсті теледидар сыйлады.

[youtube]http://youtu.be/xFJ79K9aBeo[/youtube]