Облыстың бас полицейі өткен жылғы жұмысты қорытындылады

362

Оңтүстік Қазақстан облыстық ішкі істер департаменті жанындағы қоғамдық кеңес мүшелері Шымкентте жаңадан ашылған Қаратау полиция бөлімінің жұмысымен танысты. Осыған орай 9-қаңтар күні қоғамдық кеңес мүшелері кезекті отырысын өткізді. Бұл туралы департаменттің баспасөз қызметі хабарлайды.

_MG_0497

Басқосу барысында негізінен ішкі істер департаментінің 2014 жылғы жұмыс көрсеткіші талқыланды. Жиналғандар алдында генерал-майор Асқар Оспанов сөз алып, полицейлердің жұмысын қорытындылады.

Асқар Оспанов, ішкі істер департаментінің бастығы: «Қоғамдық кеңес қызметінің негізгі мақсаты құқық қорғау қызметінің имиджін арттыру, қылмыстық көріністерге жылдам ден коя отырып, құқық бұзушылықтың алдын алу, ішкі істер органдарының үкіметтік емес ұйымдармен, азаматтық қоғам институттарымен және халықпен үйлесімді өзара байланысын құруға көмек көрсету, мемлекеттің құқықтық саясаты тұжырымдамасы ережелерін іске асыру болып табылады. Осы орайда біз қоғамдық кеңес мүшелерімен тығыз байланыста қызмет атқарып, 2014 жылды жақсы нәтижемен аяқтадық.»

1

«Дәлірек айтсақ, аса ауыр қылмыстың саны 2014 жылы 2013 жылмен салыстырғанда 22,4%-ға төмендеген (223-тен 173-ке), ауыр қылмыстардың саны 21,7%-ға (3180-нен 2489-ға), қасақана кісі өлтіру 29,7%-ға (128-ден 90-ға), денеге ауыр жарақат салу 24,8%-ға (149-дан 112-ге), қарақшылық 54%-ға (176-дан 81-ге), тонау 28,9 %-ға (1550-ден 1102-ге), мал ұрлығының саны 21,6%-ға (1870-тен 1466-ға) төмендеген. Сондай-ақ, 2014 жылы 207301 әкімшілік құқықбұзушылық фактісі анықталып, 1 млрд. 830 млн. 612 мың теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынған. Біздің ендігі мақсатымыз — жоғарыда аталған көрсеткіштерді осы 2015 жылы одан да әрі жақсарту болып табылады.»

4

Өмірзақ Мелдеханов, қоғамдық кеңесінің төрағасы: «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дегендей, біз қылмыспен бүкіл қоғам болып күресуіміз қажет. Оңтүстіктің тәртіп сақшыларының жұмыс көрсеткіші күн санап жақсарып келе жатқанына көзіміз куә. Алайда, атқаратын жұмыс көп екенін естен шығармауымыз қажет. Сол себептен біз, яғни, қоғамдық кеңес мүшелері полиция қызметіне қолымыздан келген көмегімізді аямай, алдағы уақытта да тығыз қарым-қатынаста жұмыс істейтін боламыз.

IMG_0532

Одан кейін қоғамдық кеңес мүшелері Қаратау полиция бөлімінің жұмысымен және ғимаратымен танысып, жаңа ауданның полиция бөлімінің бастығы, полиция полковнигі Асылхан Қалаубаевтың жұмысына сәттілік тіледі.