Бұған дейін шу көтерген Қырғы базардағы ет сататындар тағы базар басшылығына наразылықтарын білдірді. Саудагерлер «АДС агро» мекемесі жеткізіп берген ет өнімдерін сатуға қарсы. Сатушылар өздеріне жеткізілген еттің сапасы төмен, ал бағасы қымбат дейді.
Бұл мекеме базардағы сатушыларға жылқы етінің келісін 1200 теңгеден өткізеді. Ал қаладағы басқа базарларда баға бұдан төмен көрінеді. Ал базар басшылығы саудагерлердің басқа етті сырттан әкелгеніне қарсы емес, тек арнайы сапа құжаттары болуы тиіс деп отыр.
[youtube]http://youtu.be/trurLlWEZ-0[/youtube]