Шымкент зообағы аққулармен толықты. Бұл қасиетті құстар Қызылорда облысындағы Сырдария өзенінде көшінен қалып қойған екен. Аққуларды тауып алған азамат оларды зообаққа 180 мың теңгеге сатыпты.

001

Төрт сыбырлақ аққу зообақтағы киелі құстың санын арттырды. Олар мұндағы аққулардан бөлек торға, яғни үйрек-қаздармен бірге жіберілген. Себебі шоқысуы әбден мүмкін дейді мамандар. Сондай-ақ, құстардың денсаулы жақсы екені анықталған.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=v8a6RwzBOhw[/youtube]