Нөсерлі жауын-шашын шымкенттіктерді әлекке салды. Бүгін Қошқарата көшесін су алып кетті. Ұзындығы 5 шақырымды алып жатқан бұл көше қаладағы ең төменгі нүкте болып табылады. Сондықтан Қырғы базар аумағынан төмен қарай ағатын су осында үймелеп жиналады.

vlcsnap-2015-01-06-17h19m27s113

Үшінші топ мүгедегі Галина Иличьева жауын-шашынды күндері көшеге шығауға қорқатынын айтады. Былтыр үйін су алып, әжей әбден әбігер болған. Абырой болғанда қамқор көршілерімнің көмегімен аман қалдым дейді кейуана.

Толарсақтан келетін шалшық судан адам түгілі көлік әрең өтеді. Жедел жәрдемнің жетуі тіпті мұң дейді тұрғындар. Жол азабын тартқан тұрғындар тәртіп сақшыларынан да көресіні көріп көріп жүр.

Жиырма жылдан бері жол азабынан көз аша алмай келе жатқан жергілікті тұрғындар жергілікті билік өкілдеріне талай рет шағымданған. Алайда, жүзден аса үйлі жанның жанайқайына ешкім құлақ асар емес.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=GEyxLh0lV-4[/youtube]

Сарқырап аққан судың салдарынан кейбір үйлердің іргесі сөгіліп, қабырғасы сетінеуде. Ал жергілікті билік өкілдері су қалдықтарын реттейтін иригациялық жүйе қолға алынбайынша, тиісті шараны қолға алуға қауқарсызбыз дейді.

Тиісті қаражат қаралған соң су қалдықтарын реттейтін арық-атыздар салыну тиіс. Алайда, әзірге көшенің иригациялық жүйесінің сұлбасы да түзелмеген.