Жаңа жол жүру ережесі туралы заңға қатысты үкіметтің қаулысы күшіне енгелі барлық қазақстандықтар автоорындық іздеп, дүкендерді тоздырып жүр. Ал Шымкенттегі базарларда автоорындықтың бағалары шарықтап, 20-30 мың тенгеге бір-ақ жеткен.
Орындықтардың басым бөлігі 5-6 жасар балаларға ғана арналған. Ал автоорындықты алмастыратын құрылғы шаһарда мүлдем жоқ. Қаладағы көлік бұйымдарын сататын ең үлкен дүкеніннің өзінде де сөрелер бос тұр. Сатушылар орындықтар тек екі айдан кейін ғана болады дейді. Ал кейбір такси жүргізушілері бала тасымалдаудан бас тартамыз деп отыр.