Бүгін Шымкентте екі жаңа мектеп есігін айқара ашты. Алдымен облыс әкімінің орынбасары Ерлан Айтахановтың қатысуымен Құрсай елдімекенінде 900 орындық жаңа мектептің ашылу салтанаты өтті.
Құрсайлықтарды жаңа мектептің ашылуымен құттықтаған Е.Қуанышұлы бұған дейін ескі ғимаратта үш ауысымда білім алып келген оқушыларға мемлекет тарапынан көңіл бөлініп, зәулім де сәулетті мектеп салынғанын, мұнда білім алуға қажетті жағдайдың жасалғанын айтты.
[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=ZI7_5lw75KA[/youtube]
Жаңа мектеп үш қабатты типтік үлгіде бой көтерген. Сондай-ақ, мұнда арнайы лингафон, мультимедия кабинеттері, 300 орындық асхана, 2 спорт зал мен медициналық-процедуралық кабинеттер бар жабдықталған. Соңғы үлгідегі металл, ағаш өңдеуге арналған құрылғылар мен тігін машиналары да орнатылған. Енді бұл зәулім де сәулетті мектепте 1622 оқушы білім алмақ.
Ал, 300 орынға есептелінген №105 мектептің ашылуына қатысқан Шымкент қаласының әкімі Дархан Сатыбалды оқушылар мен ұстаздарды жаңа ғимараттың ашылуымен құттықтап, саналы да сапалы білім алуына, салауатты өмір салтын қалыптастыруына жағдай жасайтын оқу орнын аралап көрді.
Дереккөз: ОҚО әкімі аппаратының баспасөз қызметі