Шымкенттегі 10 көшенің қиылысына жаңа қондырғы орнатылды

200

Шымкент қаласындағы көлік қозғалысы көп, үлкен 10 көшенің қиылысына автоматты бақылау қондырғылары орнатылды. Бұған дейін шаһарда мұндай жалғыз ғана қондырғы болатын. Үш жылдың ішінде осы қондырғылардың көмегімен бюджетке 40 млн. теңгеден астам қаржы түсіпті.

001

Бір қондырғының құны 20 млн. теңгеге жуық. Мамандар ол қаржы аз уақытың ішінде өзін ақтайды дейді. Автоматты зияткерлік қондырғысы көлік жүргізушілері бағдаршамның рұқсат етілмеген белгісіне өткен, «Тоқта!» деген белдеуден асқан және қарсы бетке шыққан көліктерді тіркейді. Шымкетте бұған қоса 2009 жылдан бері жылдамдықты өлшейтін қондырғылар қойылған болатын.