Республикада жаңа әлеуметтік нысандардың салынуы бойынша Шымкент көш бастап тұр. Биыл да атқарылар тірлік ауқымды. Бұл туралы қала әкімі Дархан Сатыбалды БАҚ өкілдерімен өткізген сұхбатында мәлімдеді. Жаңа жылдың басында өткен кездесуде биылға жоспарланған негізгі жұмыстар мен Шымкенттің барлық салаларына қатысты сауалдар бойынша жауаптар айтылды.
Қала бюджеті қомақты болғанымен, сұраныстың барлығын толық қамтамасыз ете алмайды. Бір ғана мысал — биыл қала жолдарын жөндеуге 2 миллиард теңгеден астам қаржы қаралған. Ал қала әкімдігінің жоспары көп. Шаһар жолдарын жөндеуге 12 ірі бағдарлама дайындалыпты.
[youtube]http://youtu.be/UYBTxvxzTh0[/youtube]
Өткен жыл Шымкент қаласы үшін жемісті болды. Ең бастысы — бас жоспар бекітіліп, төртінші Қаратау ауданы құрылды. Енді сол ауданды қалыптастыруда қыруар жұмыс атқарылуы тиіс. Одан бөлек қалаға қосылған 40 елдімекенді қалаға жақындастыру да кезек күттірмейтін мәселе.
[youtube]http://youtu.be/6t4n5cvKgeI[/youtube]
Шымкентіктерді шаршатып жүрген жолаушылар тасымалдау қызметінде де оңды өзгерістер орын алмақ. Қалаға 200-ден астам заман талабына сай автобус жеткізіледі деп күтілуде.