Шымкенттіктер тағы да ауаның ластығына алаңдап отыр. Бүгін таңертең 18-шағынауданның тұрғындары қаланы қолқаны қабатын сасық иіс қаптағанын айтып шағымданды. Арнамызға хабарласып, сары уайымға салынғандар көп. Олардың айуларынша, ауаның жағымсыз иісіне бетперде де дес бермейді. Ағайынның арызына біздің түсірілім тобы құлақ түріп, оқиға орнына барды.
Дегенмен, кейбір тұрғындар иісті сезбегендерін айтады.
Ноколай Владимиров, қала тұрғыны: «Қазір ауа таза, таңертеңнен бері ештеңе байқамадым. Қала орталығы да тыныш. Бірақ, негізі, лас ауа біздің денсаулығымызға айтарлықтай залалын әкеледі ғой.»
Қаламыздың экологиясы бойынша прокуратураға хабарласқанымызда мамандар алаңдаудың қажет жоқ деп мәлімдеді, Айта кетейік, тұрғындар бұған дейін де ауаның жағымсыз иісін айтып, арнамызға шағымын айтып келген. Ал бұл — жыл басынан бері тіркелген 2-ші жағдай. Осыдан біраз бұрын Әл Фараби және Еңбекші ауданының тұрғындары лас ауаны айтып, мазаланған еді.