Жаңа жыл қарсаңында Төле би ауданында жаңа жеті әлеуметтік нысан іске қосылып, ел игілігіне берілді. Қаратөбе, Тасарық, Көксәйек ауылдық округінде орналасқан елдімекендерде тұратын 28 мыңға жуық тұрғын таза ауызсумен қамтамасыз етілді.
Бұл су аққысының құрылысына мемлекеттік қазынадан 1 млрд. 734 млн. теңге жұмсалды. Сондай-ақ, осы күні Көксәйек, Киелітас елдімекендерінде екі көпір пайдалануға тапсырылды.
Көксәйек ауылында 120 орындық, Бірінші Мамыр ауылында 200 орындық «Нұрсәт», «Жаз Меру» балабақшасы ашылды. Осылайша үш жүзден астам төлебилік бүлдіршін таза әрі сәулетті ғимараттарда заман талабына сай тәрбие алуға ие болды.
Леңгір қаласындағы «Қазығұрт» шағынауданына инженерлік-коммуникация жүйелері тартылды. Бұл мақсатқа бюджеттен 725 млн. теңге жұмсалған. Тұрғындардың қуанышымен бөлісуге аудан әкімі Ә.Тұрғымбеков те келді.
Дереккөз: ОҚО әкімдігі аппаратының баспасөз қызметі