2014 жылы өңірдегі төтенше жағдай қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлық ісі бойынша үш қылмыс тіркелген. Бұл жөнінде департаменттегі кадр жұмысы бөлімінің бастығы Аманбек Бисембаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы жиынында мәлім етті.

002

Оның айтуынша, қылмысты болған азаматтардың барлығы жазаға тартылып, қызметінен босатылған. 2013 жылмен салыстырғанда былтыр төтенше жағдай департементінде жемқорлыққа жол берген фактілер көбейіп отыр. Сондықтан сала мамандары жыл басынан бастап жең ұшынан жалғасқан жемқорлыққа қарсы күресті күшейтпек.